Тараздықтарды жұмыспен қамтуда Ұлттық жобаның берері мол

33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоаев өзінің жыл сайынға Қазақстан халғына арнаған Жолдауларында тұрғындарды жұмыспен қамтып, олардың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударып келеді. Мәселен, биылғы қыркүйекте жасаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да бұл салаға ерекше тоқталып өтті.

«Қазір еңбек нарығында ауқымды өзгерістер болып жатыр. Онда цифрлы экономиканың рөлі арта түспек. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді. Осы секторда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Алайда олардың еңбек құқықтары толық қорғалмаған. Сондықтан осы санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажет», – деді Президент аталған саладағы жұмыстарға байланысты.

Осыған орай, республика көлемінде азаматтарды жұмыспен қамтуға байланысты көптеген шаралар жүзеге асуда. Соның бірі әрі бірегейі – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» жоспар бойынша жүзеге асып келеді. Құжаттың негізгі міндеттемесі – қаржылай қолдау көрсету. Соның ішінде субсидиялау, кепіл болу, жеңілдікпен микрокредиттеу, жетпей тұрған инфрақұрылымды тартып беру және мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Ұлттық жобаның мақсаты – кәсіпкерлік құрылымдарындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, экономика салаларын әртараптандырудың драйвері ретінде орта бизнеске сүйену, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай туындата отырып, бәсекелестікті кешенді дамыту.

Талай жанның екі қоллғы бір күрек табуына септігін тигізген Ұлттық жоба Тараз қаласында да жүйелі жүзеге асуда. Нақтысын айтар болсақ, биыл жоба бойынша 12 176 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 2023 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11 471 адам қамтылып, жоспар 94,2 пайызға орындалған. Оның ішінде 7 486-сы немесе 65,9 пайызы әйелдер болып отыр. Сондай-ақ ваканттық бос жұмыс орындарына 5 933 адам орналасса, жұмысқа тұрған жастар саны – 4 922, мүгедектер 645 тұрғынды құрайды. Өзге де бағыттары бойынша тоқталар болсақ, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында 115 адам оқытылса, Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқытуға – 754, «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлікке оқытуға 2 786 тараздық жолданған. 73 тұрғынға шағын несие, 91-іне мемлекеттік грант берілген. “Жастар тәжірибесі” арқылы – 378, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы – 42, ақылы қоғамдық жұмыс орындары есебінен – 1 059, “Ұрпақтар келісім шарты” арқылы – 6, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін “Күміс жас” жобасы аясында 152 тұрғын жұмысқа орналасқан.

Нәтижесінде қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 1919 азамат оқып, сертификат алған. Ал мемлекеттік қайтарымсыз грантқа бойынша грант алған азаматқа 125 238,0 мың теңге берілген. Оның ішінде, көпбалалылар – 46, мүмкіндігі шектеулі азаматтар – 20, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 15, асыраушысынан айырылғандар – 8, атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 2. Грант алу бойынша 3-ші лекке 482 үміткер өтініш білдіріп, 413-і тәуелсіз коммиссия отырысында өз бизнес жобасын қорғап, қалған 69 үміткер белгісіз себептермен келмеген. 413 үміткердің ішінен 92 үміткерге Мемлекеттік қайтарымсыз грант тағайындалған.

Бұдан бөлек биыл жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру қаралып отыр. Осы мақсатта 103 адамға 515,0 млн теңге көлемінде микрокредит беру жоспарлануда. Бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Микрокредит беру жұмыстары наурыз айынан бастау алып, қаңтар-қыркүйек аралығындағы есеп бойынша құны 472,2 млн. теңгені құрайтын 94 жоба мақұлданып, 73 үміткерге 108,4 млн теңге қаржы ағымдағы шоттарына аударылып отыр. Оң нәтиже алған қалған 21 үміткерге комиссия отырысынан бас тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.