Жүргізуші куәліктерін беру

213

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу (фотосуретке талаптар) және қолдың үлгісі (қолдың скан суреттеріне талаптар). Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік баж төлеу кезінде мамандандырылған «Халыққа қызмет көрсету орталығы» орналасқан жері бойынша салық басқармасының органын таңдау қажет.
  3. Қалыптасқан электрондық өтінішпен жеке кабинетте танысу («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде), көрсетілген ТЕБ  немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсету қажет. «Қызметтерді төлеу тарихы» — жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чекпен танысу, оны басып шығару қажет.
  4. ҚР ІІМ қызметкерлерінің тұлғасын сәйкестендіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ немесе ТЕБ-ке электрондық өтініште жазылған адрес арқылы бару. Өзімен бірге төмендегілер болуы қажет:
  • жеке басты куәландыратын құжат;
  • алмастыру үшін жүргізуші куәлік.

Азаматтығы жоқ шетелдіктер және тұлғалар қызметтті арнайы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, сондай-ақ жол полициясының ТЕБ бөлімшесінде ала алады.

Ескерту: Жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы алуға жүргізуші куәлігін, әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырған жағдайда, жоғалған немесе ұрланған жағдайда болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қалай алуға болады  (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
  2. Медициналық анықтама мен оның көшірмесі;
  3. Мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
  4. Курстарды аяқтағаны туралы куәлік пен оның көшірмесі (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда) ұсынылады.

 

Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.