Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдегі ең қауіпті факторлардың бірІ

54

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы реформалардың алдағы кезеңінің маңызды бағыттарының бірі. Президент Қ.К. Тоқаев айтқандай, ол жүйелі негізде болуы керек. Сыбайлас жемқорлық жағдайында бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті әрі еркін нарықтың қызмет етуі мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды қадам азаматтардың заң алдындағы тең жауапкершілігі болып саналады.

«Сыбайлас жемқорлық елдің даму процесіне апатты әсерін тигізеді, өйткені мектептерге, ауруханаларға және басқа да өмірлік маңызды мемлекеттік құрылымдарға арналған қаражат тиісті жерлерге жіберілудің орнына қылмыскерлердің немесе арам шенеуніктердің қолына түседі. Сыбайлас жемқорлық зорлық пен тұрақсыздықты арттырады. Бұл мемлекеттік институттар мен тұтастай үкіметтің көңілін қалдыруы, халықтың ашуын келтіруі және тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» деген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру;
  • сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау.

Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. «Қазақстан-2050»: табысты мемлекет үшін жаңа саяси бағыт» стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейіне дейін көтерілді.

Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін Президент Қ.К. Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету міндетін қойды.

 

 

 

Сарысу аудандық
ХҚК бөлім басшысы
К.Аманкулов

Leave A Reply

Your email address will not be published.