Жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілері анықталды

72

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның қауіпсіздік қызметі тексеру іс-шаралары барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады. 2023 жылдың 14 қыркүйегінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлері растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсырды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында айғақтарды алу және тінту жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу амалдары аясында жария етілмейтінін алға тартамыз.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация өз құзыреті шегінде қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде қажетті шаралар қолданады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.