Астанада көше тазалаушысын тізерлетіп кешірім сұратқан ер адам қамауға алынды

43

Полицейлер елорда тұрғынын бес тәулікке қамады.

Ал алпысты алқымдаған аула сыпырушысы сес көрсеткен жігітке қатысты арыз түсірмепті,

Дегенмен әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен бұл видеода күннің суығында көше тазалап жүрген жұмысшыға еңгезердей еркектің тап беріп, жұлқылап тізерлетіп отырғаны анық көрінеді. Көптің ашуына тиіп талқының астында қалған елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген.

Дегенмен кейіннен жәбір көрген жігіт ағасының да жұмыс уақытысында ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталған. Бұл оқиғаның қос кейіпкері де әкімшілік жауапқа тартылды.

Эльмира Шауленова, Астана ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы: — Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Ал жұмыс орнында мас күйінде болған жұмы да жауаптылыққа тартылды. Оқиғаның орын алуына аула сыпырушысының аталған жүргізушінің әйелін балағаттауы себеп болған.

 

KYN.KZ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.