Журналистер арасында шағын футболдан Majilis cup – 2023 турнирі басталды

67

Бүгін Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Астана арена» стадионында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда Парламент Мәжілісі Президенттің бастамаларына қолдау көрсетіп, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу үшін жаңа дәстүр қалыптастырып келеді.

Дүбірлі доданы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мен бүгінгі жарысты достық, жолдастық кездесу дер едім. Өйткені, депутаттар мен журналистер тілектес, рухтас адамдар. Біздің тілегіміз де, ниетіміз де бір. Ол – халқымыздың игілігі, еліміздің болашағы. Осы жолда бірге жұмыла жұмыс істеп келеміз. Ал бүгінгі жарыс бізді біріктіреді, қанаттандырады», – деді  А.Аймағамбетов.

Айта кету керек, бұл турнир былтыр алғаш рет ұйымдастырған болатын.

Республикалық турнирге Атырау, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда мен Жетісу облыстарынан және  Алматы, Шымкент, Астана қалаларынан барлығы 24 команда қатысуда.

 

https://turkystan.kz/article/234204-zhurnalister-arasynda-sha-yn-futboldan-majilis-cup-2023-turniri-bastaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.