Орал қаласында 11 ауғанстандық ұсталды

64

Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңын бұзған үшін ұсталды

Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізілуде, — делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратта.

 

https://turkystan.kz/article/234203-oral-alasynda-11-au-anstandy-staldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.