Жуалыдағы жастар саясаты жүйелі

1 138

– Толық аты-жөніңіз, қызметіңіз…

– Телеушов Мейіржан Бегасылұлы – Жуалы ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, аудандық мәслихат депутаты.

– Жастар саясатында қызмет көрсеткеніңізге неше уақыт болды?

– Жалпы жастар саясаты саласына келуім өзімнің ерік жігеріммен орын алған дүние. 2014 жылы Жуалы ауданына қарасты Қарасаз ауылдық округіне жастар ісі нұсқаушысы болып жұмысқа орналастым. Аталған ауыл жастарымен тығыз қарым-қатынасты орната отырып, бірқатар жұмыстар жасадық. Бұл менің алғашқы еңбек жолымдағы мектебім болды.

– Жастар саясатында нені өзгерткіңіз келеді?

– Көптеген  социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан жастарының саяси құндылықтары жалпылай алғанда бірегейлігімен ерекшеледнеді. Яғни, жастардың санасында бастыс елдеріне тән жекелік, дарашылдық сияқты мінез-құлық байқалады. Басқа сөзбен айтақанда, әдеттегі өз басынан қоғамдық мүддені жоғары қоятын идеологияның орнына жастардың санасына біртіндеп либерализм принциптерінің орнығуы байқалады. Мұндай тенденция жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесін шешуде бұрынғы тәсілдерге сүйенудің тиімсіз екендігін көрсетеді және жаңа талаптарға сай тәрбие жүйесін іздестіруді көздейді. Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келе – мемлекетімізде жастардың патриоттық сезімін дұрыс арнада реттейтін, отансүйгіштік, патриоттық рухын көтеретін толыққанды жалпы идеологияны қолдап, ұлттық тәрбие беру құралдарын жиі пайдалансақ деймін.

– Сіздің жастарға деген сеніміңіз қандай? Және не себепті олай ойлайсыз?

– «Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бірт аңда,

Мен жастарға сенемін» — деп бүгінгі жастарға ұлттық рух пен патриоттық сезім сыйлаған Мағжан ақынның жүрек сөзін Елбасы Н.Ә. Назарбаев өмірлік ұранына айналдырып, егемен елдің тұтқасын ұстар өскелең ұрпаққа шүбәсіз сенім білдіріп, жарқын болашақтың жаршысы етуде. Болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп қана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты…» жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алыпжүретін жанарында жалын бар жастар өседі. Бүгінгі күнгі жас, бірнеше жылдан кейін мемлекеттік басқарушы, Қазақстанды дамыған мемлекеттің қатарына қосу міндетін арқалайтын азамат боларына нық сенімдемін.

– Жастарға арналған қай мемлекеттік бағдарламалар сіздің өңіріңізде кең орындалуда?

– Жалпы Жаулы ауданында жастарға арналған қай бағдарлама болмасын өз деңгейінде орындалуда. Атап айтқанда 2021 жылдың 6-айында  «Халықты жұмыспен қамту орталығына» барлығы – 496 жас жұмыссыз ретінде тіркелген, 187 жас — тұрақты жұмысқа, қоғамдық  жұмысқа — 65 жас, 52 жас — «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 8-жас мал шаруашылығын дамытуға микрокредит алса, 42-жас 583800 теңгеден қайтарымсыз грант жеңіп алып отыр. 2021 жылға                775 жасты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделуде.                  Ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 30 жас маман8 млн 751 мың теңге көтерме жәрдемақыалса, тұрғын үй сатып алуға  16 маманға 70 млн 8 мың теңгенесие берілген.

Бүгінгі таңда аудандағы жұмыссыз жастарды, оның ішінде NEETсанатындағы жастар, қиын жағдайдағы отбасылардың балаларын маусымдық  еңбекпен қамтуда «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасының орны бөлек. Жалпы биылғы жылға 50 жасты жұмыспен қамтуға жергілікті бюджеттен қаражат қаралып, бүгінгі күнде жастар «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс жасауда.

«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан жастарына кең ауқымды насихаттық жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы пандемияға байланысты онлайн түрде түсіндірме жұмыстары нәтижесінде мектеп бітірген 9 жас аталған бағдарлама аясында оқуға түсіп отыр.

– «Болашақ – жастардың қолында» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз?

– Ғаламдағы данагөй-ғалымдар ең бірінші инвестицияны сол елдің болашақ ұрпағы, жастарына салу қажет деген тұжырымдаманы көп айтып жүр.

Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты, сондықтан жастардың тәрбиесі мен біліміне аса көңіл аударуда және де өңірімізде ел болашағына елеулі үлес қосар азаматтар мен азаматшаларды қалыптастыру мақсатында аянбай еңбек ету қажетпіз деп есептеймін. Себебі біз күш-қайраты тасыған тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз! Алдағы уақытта жастарымыздың талай белестерді бағындыратына да сенімім мол.

 – Тәуелсіз мемлекеттің жастары қандай болуы қажет?

– Жастардың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Мемлекетіміз жастар саясатына қарқынды түрде көңіл бөлуді, жаңаша бағдарламаларды жастар үшін іске қосуды жалғастыратын болса ел жастары алдыңғы санаттан көріне бермек. Біздің түбімізге қазақтың қанында бар бір-бірін кемсітушілік пен көреалмаушылық жеткен талай ғсырларда. Бізге дәл қазіргі уақытта ауыз біршілік қажет, болашақ өзімізден кейінгі жастарға достықтың жоғарғы деңгейдегі үлгісін көрсету керекпіз деп есептеймін. Бөлінетін заман артта қалды, қазіргі қоғам мүлдем басқаша, тек бірлікте жетістікке жетпекпіз. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.

– Өңіріңіздегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстарына тоқталып кетсеңіз?

– 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында аудан жастарының уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, тәрбиелік мәні бар, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын барлығы — 528 әр-түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде 3 — ақындар мүшәйрасы, 24-қылмыстың алдын алу бойынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша — 23, әскери патриоттық бағытта — 45,  58 -дөңгелек үстел,  мәдени шығармашылық бағытта — 38, діни бағытта -44, рухани бағытта -81, спорттық бағытта-49, 19 — жастар сенбілігі, 68-жастармен кездесу, 2-фестиваль, 19-қайырымдылық, 45- жастар акциясы, 11- түнгі реидтік жұмыстары жүргізілді.

Жастардың еңбек сатысымен көтерілуінде аға буынның алатын орны туралы айтып кетсеңіз?

– Осы тұста «Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» — деген халқымыздың дана сөзі еске түседі. Жастарға жұмыста болсын, өмірде болсын өз тәжірибесімен бөлісетін және жол көрсетер үлгі тұтар аға буынның алар орны ерекше. Сан қырлы қиын уақыттарды бастан кешіріп, ел тәуелсіздігі мен дамуына айырықша үлес қосқан мемлекет қайраткерлерінен біз жастардың аларымыз мол.

– Ауыл жастары неліктен үлкен қалаларға арман қуып келеді?

– Қазіргі таңда ауыл жастарының қалаға келуі білім алумен және қоғамдағы ортаның жаңаруымен байланысты деп ойлаймын. Өйткені мемлекет тарапынан ауыл жастарына қолдау көрсету мақсатында оңтайландырылған түрлі бағдарламалар бар және ауылдар болсын, аудан орталықтарында болсын жастарға сол бағдарламаларды насихаттап таныстыратын жастар орталықтары жұмыс жасауда. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» дейді. Жастардың қалаға арман қуып келудегі мақсаты ауылға білімді, білікті жас болып қайту болуы тиіс деп ойлаймын. Яғни жас азамат қалалық жерде сапалы білім ала алады, мамандық бойынша тәжірибе жинақтап, білікті маман болып ауылға барып, өз кіші Отанын дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар ауылды жерлерде жастардың өз деңгейінде жетілуіне де кедергілер баршылық. Әрине кейбір кемшін тұстар бүгінде  сатылай өз шешімдерін тауып келеді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.