Жолдау жүктеген міндеттер ел игілігіне жұмыс істейді

1 400

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты толғандырып жүрген барлық мәселелерді жақсы біледі. Халықтың жағдайын жақсарту үшін өзінің жеке әрекет жоспарын әзірледі. Қазақстан Президенті еліміздің әр азаматын Отанымыздың гүлденуіне өз үлестерін қосуға шақырды. Осы мақсатпен 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын арнады.

Мемлекет басшысының Стратегиясында елдің одан әрі дамуына қатысты оның жеке көзқарасы белгіленген. Қ. Тоқаевтың Жолдауында азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтудің басты факторы құқық қорғау жүйесінің терең реформалары екені айтылды.

Заңның барлық қарама-қайшылықтары мен түсініксіздігі азаматтардың пайдасына түсіндірілуі тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдаудағы маңызды мәселелерге тоқталды. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Осы мәселелерді шешу үшін Парламент пен Үкіметке тапсырама берді.

Мемлекет басшысы өзінің халыққа арналған Жолдауында қоғамды, елді толғандырып жүрген барлық мәселелерге тоқталды. Халықтың әлеуметтік мәселелеріне аса мән беруде. Қазір елімізде әрбір қазақстандық өзінің қабілетін ашу үшін халыққа барлық мүмкіндіктер мен жағдай жасалып жатыр. Жолдаудың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатының жақсаруы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «тыңдайтын мемлекеттің» тұжырымдамасы туралы да сөз қозғады, бұл тұрақты диалог, мәселелерді біліп және оған шешім қажет керектігін, әрбір азамат өз елінің өркендеуі үшін жауапкершілікте екендігін де атап өтті.

Президентіміздің Жолдаудағы барлық бастамаларын қолдай отырып, біздің ұрпақ Қазақстан Республикасының гүлденген елінде бақытты болады деп сенемін.

Гүльжан ИБРАИМОВА,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.