«Жігіт сұлтаны-2021» аудандық байқауы өтті

264

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен екі мәрте Социолистік еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны-2021» аудандық байқауы өтті.

Байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып, жиналғандарды айтулы мереке мен құтықтап,  байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.Жастардың қоғамдағы белсенді ұстанымын қалыптастыруға,өнер, білімдерін көрсету арқылы,Отанға,еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған сайысқа ауылдық округтерден сегіз азамат қатысты.Сайыстың сайыпқырандары «Мен атаның ұлымын», «Кір тасын көтеруге», «Жігітке жеті өнерде аз» номинациялар бойынша сынға түсті.

Ерекше  тартысқа толы өткен байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Асылхан Таңатаров (Көкжелек ауылы) лайық деп танылды

Бірінші орынды – Орынбек Амангелді (Мыңарал ауылы)

Екінші орынды– Элдар Айдар (Бірлік ауылы)

Үшінші орынды – Сырым Сабыралы (Қылышбай ауылы)

Төрт аталған ақындарға бағалы сыйлықтар берілсее, қалған қатысушыларға «Алғыс хат» марапаттары берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.