Жайдарлы Jaidarman

174

Күлкі — адам өмірін ұзартатыны белгілі. Адамның көңіл күйі үнемі жайдарлы болуы тиіс. Сол мақсатта  Меркі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің  түрлі іс шаралар  ұйымдастырылуда. Соның бірі және бірегейі Жайдарлы –Жайдарман тақырыбында  жайдарман ойыны өткізілді. Жайдарман ойындары «Жұлдыз» сауықтыру лагеріндегі бүлдіршіндерге арнайы ұйымдастырылды. Елбасының  «Болашаққа  бағдар:Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласы аясында  жастарды жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту,олардың бойында Отаншылдық сезімді, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және белсенді  азамат етіп тәрбиелеу. Ойынға командалар белсене қатысып, оның ішіндегі озықтары  ғана жүлделі орын  иеленді. Атап өтсек I орын  Жастар, II орын Нұр жастар, III орын Болашақ құрама командалары иеленіп, бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Жастардың демалыс уақытын дұрыс пайдалануына мүмкіндіктер көп. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді. Жастардың ең басты  құндылығы шынайылығымен шыншылдығы деп білеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.