Жетісу облысында су басқан ауылдардың тұрғындары мектепке орналастырылды

62

Ескелді аудандық әкімдігі шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрды, олар елді мекендердің аулаларын аралап жүр, деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында нөсер жауыннан зардап шеккен екі ауылдың тұрғындары мектепке орналастырылған.

Ескелді ауданының Ешкіөлмес жәнеАбай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан 19 адам Жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастырылды. Оның 10-ы ересек адам, 9-ы бала. Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады.

«Ескелді ауданының әкімдігі Төтенше жағдай департаментімен бірге нөсер жауынның салдарын жоюға бар күш пен техниканы жұмылдырыпжатыр. Сонымен қатар арық жүйелерін тазарту мен аулаларды батпақтан тазарту жұмыстарына Ұлттық гвардияның 5514 әскери бөлімі, ҚР ҚМ 18386 әскери бөлімі тартылды», – деп жазылған хабарламада.

Полицейлер үйлерді тонап кетпеу үшін кезекшілік жасап жатыр.

Ескелді аудандық әкімдігі келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрды, комиссия шығынды анықтау үшін елді мекендердің аулаларын аралауда. Су басқан тұрғын үйлердің жай-күйін зерделеудің нәтижесінде төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылады.

Электр желілері тексеріліп, елді мекендерді электр жүйесіне қосу жұмыстары атқарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.