ЖАЙЫЛМАЛЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСУДА

60
ЖАЙЫЛМАЛЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСУДА
Аудан жұртшылығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын «Жасыл аймақ» апталығымен жалғастырып жатыр. Тұрғындар бұл аптада тазалық жұмыстарымен қатар, тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына баса ден қойған.
Бүгін Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының және ауылдағы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары акцияға белсене ат салысып, Жайылма ауылындағы «Айнаш Отарбаева» атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш отырғызды.
— Біз акция апталығымен ғана шектелмей, әр қарай да санитарлық-тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізе беретін боламыз. Себебі, ауылымызды таза ұстап, абаттандыру, оны жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты міндетіміз, — дейді ауылдықтар.
Айта кету керек, «Жасыл аймақ» апталығында сенбілік жұмыстары Жаңатас қаласы және ауылдық округтерде де жүргізілуде. Белгіленген аумақтар абаттандырылып, көгалдандырылып және тазалық жұмыстары жүргізіліп, тал көшеттері отырғызылып жатыр.
Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.