Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Өңірлік кадр комиссиясының отырысын өткізді.

107
ҚР Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары бекітілген болатын десек, бұл дарынды жастар үшін «әлеуметтік лифт» тетігін жолға қоюға мүмкіндік береді.
❗Іріктеуді облыстың кадр комиссиясы жүзеге асырады. Оған жоғары білімі және кемінде үш жыл еңбек өтілі бар 35 жастан аспаған ҚР азаматтары қатыса алады. Іріктеу кандидаттардың құжаттарын қабылдау, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу, уәкілетті орган жүргізетін құзыреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат, комиссияның отырысында Өңірлік резервке алуға кандидатураларды қарау секілді кезеңдерден тұрады.
✅ Кезеңдер «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.

 

 

Жамбыл Облысы Әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.