Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тағы бір отбасы баспаналы болды.

63
Бірнеше жылдан бері облыста жүзеге асып жатқан игі жоба аясында бұл жолы мүмкіндігі шектеулі жолдасын бағып отырған Күлсара Райымқұлова қоныс той иесі атанды.
❗️Пайдалануға берілген үш бөлмелі баспананың газ, суы толық қосылып, барлық жағдайы жасалған. Қоныс тоймен құттықтап келген қаракемерліктер ауылдастарына одан әрі де қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
✅ Айта кетейік, Қордай ауданында ағымдағы жыл басынан бері жеті үй асар әдісімен пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 10 отбасын баспанамен қамту жоспарда.

 

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.