Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

55
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы 1978 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында туған, білімі жоғары («инженер-механик», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген).
Еңбек жолын 2000 жылы Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасында бас маман болып бастаған.
Әр жылдары Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қордай аудандық спорт бөлімінің меңгерушісі, Қордай аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Romaks KZ» ЖШС логистика бөлімінің маманы, бөлім басшысы, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы, «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-нің бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қордай аудандық мәслихатының IV шақырылымындағы депутаты.
2023 жылғы мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-нің бас директоры лауазымында қызмет атқарып келді.
Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.