«Зерек ұстаз» республикалық шығармашылық байқауынан облыс ұстаздары жүлделі орындар иеленді

122
Математика пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, құзіреттілігін арттыру, кәсіби шеберлігінің дамуына ықпал ету мақсатында 2023 жылдың 3-4 қараша күндері Алматы қаласында математика пәні мұғалімдері арасында «Зерек ұстаз» Республикалық шығармашылық байқауы өтті.
✅Байқаудың нәтижесі бойынша Жамбыл облысының математика пәнінің мұғалімдері жүлделі I, II, III орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды және ақшалай сыйлықтарды ұтып алды.
Байқауда жалпы 10 педагог жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орынды және 50 мың тенге қаржылай сыйлықты, Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Муратбаев Айбек Серікұлы, Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы және №125 «EDUCATION» ЖШС орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жаңабаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы, ІI орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы, облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Серікбаев Наурызбай Серікбайұлы, ІII орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Таубаев Сержан Серікұлы, №125 «EDUCATION» ЖШС орта мектебінің математика пәнінің мұғалімдері Қалыбай Асланбек Доқтырбекұлы және Артықбаев Тимур Муталипұлы, Қордай ауданы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Рзахметова Гульнар Қыснақбайқызы мен №32 В.Маяковский атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Өтеубаева Жанар Абдібайқызы иеленді.

 

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.