«Ұлы дала» шағын ауданындағы салынып жатқан саябаққа депутаттар тал екті

72

Бүгін «Ұлы дала» ықшамауданында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен тал отырғызу шарасы өтті.

Шара барысында 200 түп пирамидалық терек, 50 түп сәнағаш (катальпа), 50 түп сирень, 10 түп туя, 15 түп жасыл шырша, 100 түп қарағай егілді.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Ұлы дала» ықшамауданында салынып жатқан саябақтың маңына 1 мыңға жуық тал отырғызылған.

Жалпы мұнда биыл 5000-нан аса тал-дарақ отырғызылады деп жоспарлануда. Оның ішінде 600 қарағай, 200-ден аса тікенекті және еуропалық шыршалар, 300-ден аса түрлі сортты терек, катальпа, боз арша, алқоры, үйеңкі, гортензия, бөртегүл, шынар және тағы басқа ағаштар егіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.