АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

63
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Жиында бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісі мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.
❗️Тараз қаласындағы орталық алаңында ұйымдастырылған іс-шарада қала тұрғындар мен қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
✅ Мерекелік шара спорттық ойындар мен жамбылдық өнерпаздардың концертіне ұласты

 

Жамбыл Облысы Әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.