Рақымшылық шарттары түсіндірілді

154

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын айтқан болатын.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде арнайы жиын өтті.

Басқосу барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов, САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры Мейірғали Ракишев рақымшылық аясында сотталғандардың арасында кімдер бостандыққа шыға алатыны жайлы түсіндірме жүргізді.

Айта кетейік, рақымшылық ауыр емес қылмыс жасағандарға және келтірілген залалды толық өтегендерге жасалады. Сонымен бірге әлеуметтік қауқарсыз тұлғалар ауырлығы бойынша орташа қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптан және негізгі жазадан босатылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.