«Ұлттар достығы» атты семинар-тренинг

161

«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Аудандық этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру: Осы саладағы білікті мамандарды тарта отырып, аудандағы этномәдени орталық өкілдерімен, этносаралық сала мамандарымен «Ұлттар достығы» атты семинар-тренинг «»Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастырылып Бурыл және Көктал ауылдық округтерінде өткізілді.

Семинарға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы арнайы шақырылып, тұрғындарға ұлтаралық қарым-қатынас бойынша түсінме жұмыстарын жүргізіп, арнайы семинарын жүргізіп анкета толтырып кері байланыс арқылы жұмыс жүргізді.

Семинарлар өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған ауылдық округтерде санитарлық шектеулерді сақтай отырып, ара қашықтықты сақтай отырып толық маскалық режимде өткізілді. Маманның анкетасының қорытындысына сәйкес ауданда ұлтаралық қарым-қатынас тұрақты деңгейде өте жақсы деп бағаланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.