Баспана мәселесі байыппен шешіледі

184

Бүгінгі таңда қолжетімді баспана мәселесін шешу үшін мемлекетіміздің түрлі бағдарламалар мен жаңа жобалар жасап отырғаны көпшілікке белгілі. Өз кезегінде бұл бағдарламалар көптеген тұрғындардың баспаналы болуына, әсіресе, көпбалалы отбасылар арасынан тұрмысы төмен отбасылар үшін жайлы қонысқа қол жеткізуіне мол мүмкіндік туғызуда.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментінде ҚР Үкіметінің «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғын-жаймен қамтамасыз ету, тұрғын төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкеркері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» қаулысының талаптарын зерделеу мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Еркін Нұрбаев ашып, жүргізіп отырған жиынға «Отбасы банк» АҚ бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Бердияр Құттыбаев, департаменттің және оған қарасты түзеу мекемелерінің кадр саясаты тобының басшылары, заңгерлер мен қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бастықтары қатысты.

Басқосуда шаңырақ шаттығына бөленіп, баспанаға байланысты «бас ауруынан» айығудың жолдары талқыланып, мемлекеттің мыңдаған азаматқа жасаған қамқорлығы мен мүмкіндігінің нәтижесінде көптеген отбасы тұрғын үйге қол жеткізгені айтылды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.