ҰБТ тапсырмай грантқа қалай түсуге болады?

248

Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр», — деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.

sputnik.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.