Қарияны бастан тепкен мектеп оқушысы ұсталды

284

Әлеуметтік желіде жас жігіттің қарияны басынан теуіп, кейін қашып кеткен сәті түсірілген видео тарады.

Оқиға 24 қаңтар сағат 19:00 шамасында Өзбекстандағы Самарқанд қаласының Кушчинор махалласында болған.

15 жастағы жасөспірімнің 54 жастағы адамның басынан тепкен сәтін видеоға бұзақының досы түсірген.

бала

Қазіргі уақытта 15 жастағы баланың ата-анасына қатысты тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар, оқиға бала оқитын мектеп өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін олар видеоны TikTok үшін түсірді деген болжам айтылған.

Аймақтық ІІД баспасөз қызметі баланың спортпен шұғылданатынын және тиктокер емес екенін мәлімдеді. Оның әлеуметтік желіде аккаунты жоқ.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.