ТӘРБИЕ ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАУ АЛАДЫ

79
Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді, имандылықты бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Имандылық – адамның рухани арқауы. Адам бойындағы адамгершілік, қайырымдылық, адалдық, және әділеттілік, сондай-ақ, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалған емес.
Бүгін тұрғындарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Сарысу ауданындағы инспекторы, теолог-маман М. Мырзағараев «Тәрбие имандылықтан бастау алады» атты тақырыпта Саудакент, Арыстанды ауылдарының тұрғындарымен, жастармен кездесу өткізді. Жиын барысында деструктивті дін ағымдар туралы, олардан сақтану, ол үшін қоғам болып жұмыла күресу керектігі де айтылды.
Ауыл тұрғындарының, жастардың имандылыққа байланысты түсінігін нығайту, адамгершілікке баулу мақсатындағы бұндай кездесулер барлық елді мекендерде өтуде.

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.