Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген

51

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған. Алайда оның сеніп тапсырған үш жылқысын жымқырып кеткен.

Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.