Түркиялық TEMELSU компаниясының өкілдерімен кездесу

51
Түркиялық TEMELSU компаниясының өкілдерімен кездесіп, гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау бағытында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқыладық.
ЖҮЙЕЛІК РЕФОРМАЛАРҒА БАҒДАР
Кәсіпорын жобалау жұмыстарының барлық кезеңдерінде инженерлік-консультациялық қызмет түрлерін, инженерлік-геологиялық барлау, құрылыс кезінде авторлық және техникалық қадағалау қызметтерін көрсетеді.
Түрік компаниясына Қазақстанда іске асырылып жатқан бірқатар ауқымды жобаларға техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеумен айналысуды ұсындым. Мысалы, Ислам Даму банкімен 53 су қоймасын, 133 гидротехникалық құрылысты және 7 мың шақырымнан астам суару жүйесін жоспарлы жөндеуге қаржы ұйымының қатысуы бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ түрік сарапшыларына бірлесіп жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық орнату жөнінде ұсыныс айттым.
Техникалық құжаттама кез келген жобаны сапалы іске асырудың кепілі болып табылады. Су инфрақұрылымы да ерекше емес. Ислам Даму банкімен және басқа да халықаралық ұйымдармен серіктестік орнатқан TEMELSU компаниясының тәжірибесі осы жобаларды сапалы іске асыруға көмектеседі деп санаймын.
Сондықтан ұзақ және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, себебі аталған компания Қазақстанда және басқа да Орталық Азия елдерінде сәтті жобаларды іске асырды.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Leave A Reply

Your email address will not be published.