ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҰМЫТПАУ КЕРЕК

52
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Жиында әуелі қала әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев аумақтық округтерде коммуналдық және санитарлық тазалық мәселелері бойынша анықталған кемшіліктердің орындалуы туралы баяндады. Оның айтуы бойынша, шаһардың 11 аумақтық округінен 39 мәселе ұсынылған. Атап айтқанда, жол жөндеу, белгі орнату мәселелері бойынша – 3, түнгі шамдарын орнату бойынша – 5, қоқыс алаңшасы бойынша – 11, балалар ойын алаңшасы бойынша – 3, орындықтарды, сынған плита, брусчаткаларды ретке келтіру бойынша – 13, құдық қақпағы бойынша 3 мәселе көтерілген. Бүгінгі таңда олардың 34-і толығымен орындалса, 5-еуі әлі шешімін таппай отыр.
Бұл бойынша шаһар басшысы әр тұрғын өз ауласына жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.
– Мемлекет тарапынан бүгінде аулаларды абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Алайда, кейде бүгін ғана салынған спорт, футбол алаңшалары ертең-ақ жарамсыз күйге түседі. Мұның барлығы тұрғындардың өз ауласына немқұрайлы қарауынан туындап отыр. Сондықтан олардың жауапкершілігін арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.