Тұңғыш Президент күнін ерекше атап өтті

120

1 желтоқсан ел көлемінде ҚР Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі. Аталмыш мерекені тойлаудан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі де шет қалмады.

Осыған орай аталған мекемеде жазасын өтеушілерге Елбасының өмірі мен қызмет жолы жайлы түсірілген көркем фильм көрсетілді. Тұңғыш Президенттің сұңғыла саясаткер ретінде қалыптасуы мен Тәуелсіздік тұғырын бекіту жолында атқарған еңбегі жайлы мол мағлұмат алған сотталғандар терең ой түйді.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айрылғандар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша ой ұшқырлығы мен шапшаң әрі дұрыс шешім қабылдап, үздік шыққанжар жүлделі орындардан көрінді.

Бұдан бөлек, жазасын өтеуші Мәжит Бүрлібаев Елбасыға жүрегінен жарып шыққан өлеңін арнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.