Тұңғыш Президент күніне орай шығармашылық байқау өтті

118

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қабырға газеті сайысы өткізілді.

Бұл сайыстын мақсаты – Тәуелсіздіктің құндылығы мен егемен елдің қалыптасу жолындағы Елбасының рөлін ұғындыру, сотталғандардың шығармашылық және әлеутеттік белсенділігін көтеру, адамның жан-жақты дамуын қалыптастыруда олардың танымдық қызметін ынталандыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын дамыту.

Жарысқа мекеме жасақтарының сотталғандары қатысты. Қазылар алқасының жұмысы нәтижесінде орындар жұмыстың мән-мағынасы мен сапасына қарай бөлінді.

Байқау барысында шығармашылық ойлау шеберлігін көрсеткен Еркебұлан Көлбаев үздік деп танылса, ІІ орынға Владимир Лесник лайық деп танылды. Ал, жүлделі ІІІ орынды Олег Ким қанжығалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.