Тәуелсіздік мерекесіне орай футбол турнирі өтті

259

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтар арасында футбол турнирі өтті.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарынан командалар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Спорттық шара барысында сотталғандар аяқдоп аламанында өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Атап айтқанда, І орынға қарсылас шақ келтірмеген 2-жасақ табан тіресе, ІІ орынға үздік ойын өрнегін көрсеткен 8-жасақ орнықты. ІІІ орынды 4-жасақ иеленді.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, қылмыс жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.