Танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевты балағаттап жіберген

25

Танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевты балағаттап жіберген
 Коллаж: Turkystan.kz

Әзілкеш Асылхан Дүкенбаев белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың алдында ұятқа қалған кезін еске алды. Әзілкеш оны басқа біреумен шатастырып алып, балағаттап жіберген, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Асылхан Дүкенбаев ыңғайсыз жағдайға қалғанын «Ахалек» есімді блогерге берген сұқбатында айтып берді. Оның сөзінше, оған бейтаныс нөмірден біреу қоңырау шалып, өзін Мейрамбек Бесбаев деп таныстырған. Алайда әзілкеш достары өзін алдап жатыр деп ойлап қалып, хабарласқан адамды балағаттап жіберген. Артынан оған қоңырау шалған шынымен Мейрамбек Бесбаевтың өзі болғанын біліп, кешірім сұраған.

«Қызылордада Серіктің (ред. Серік Ибрагимов) концерті болайын деп жатқан. Бір қарапайым нөмірден қоңырау келііп түседі. Қал-жағдайымды сұрап, өзін Мейрамбек Бесбаев ретінде таныстырады. Түсінбей қаламын. «Мен ғой, Мейрамбек Бесбаев ағаң» деп тағы айтады. Мен болсам, оны балағаттап жіберемін. Сол кезде Серік не үшін ашуланып жатқанымды сұрайды. Оған мені біреулер Мейрамбек Бесбаевпын деп алдап жатқанын айттым.

Сосын ол «нөмірін көрсетші» дейді. Салыстырсақ Серіктің телефонындағы нөмір мен маған хабарласқан нөмір бірдей. Шынымен Мейрамбек аға хабарласқан ғой. Сөйтіп Серік Мейрамбек ағамызға хабарласып, тұтқаны маған береді. Қолым дірілдеп кетті. Мен бірден кешірім сұрап, мені «дауыс салып біреулер алдап жатыр» деп ойлап қалғанымды айттым. Ол кісі маған «Ондайлар бар. Өзімін ғой деді», — деп еске алды жайдарманшы.

https://turkystan.kz/article/243202-tanymal-zilkesh-meyrambek-besbaevty-bala-attap-zhibergen

Leave A Reply

Your email address will not be published.