Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенмен бірге әлемнің үздік спортшылары мен суретшілері аталған тізімге енген, деп хабарлайды/08info.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңадан тағайындалған Ізгі ниет Елшілері өз дарынын пайдаланып, көші-қонның мүмкіндіктерін, көштегілерге қалай көмектесу керектігін айтып, үндеу жасайды. Аталған құрамға тоғыз Елші — сегіз адам мен бір футбол клубы енген. Олар:
- Ама К. Абебрезе (актриса әрі тележүргізуші, Гана)
- Николас Марин Бенитес (фотограф, Аргентина/Аруба)
- Пол Чой (фотограф, Маврикий )
- Муктар Диахаби (футболшы, Гвинея )
- Кофи Кинаата (музыкант, Гана)
- Дзанан Мұса (баскетболшы, Босния )
- Мирела Сула (психолог, журналист, Албания )
- Димаш Құдайберген (әнші, композитор, Қазақстан, (Азия үшін аймақтық рөлімен)
- «Атлетико Пенарол» клубы (Уругвай).
Елшілер жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады. БҰҰ сайтында Димаш Құдайберген, бүкіл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өте танымал әнші екені жазылған.