Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый

222
Арман — алыста жүрген, биікте самғаған ақ құс. Арман — алыстан көрініп шапағат шашар таң арайы. Армансыз адам да, қоғам да болмайды. Әркім — ақ әр нәрсені арман қылады, соған жетсем дейді.

Тәуелсіздік жолында сан ғасырлар бойы елдікті аңсап еркіндікті сүйіп өткен, бүгінде азат ел – Қазақстан Республикасы атанған ұлан-ғайыр жері бар мемлекетіміздің Тәуелсіздік алып, өзінің көк байрағын желбіреткеніне де, отыз жылдан асты.

Тәуелсіздік- халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі.  Егеменді еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген табысының қайнар көзі — Тәуелсіздік. 

Қазірде елімізде тынышқтық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.

Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылып жүзеге асырылды деп ауыз толтырып айта аламыз. Дамыған елдер қатарынан өз орынымызды табу үшін еңбектеніп келеміз.

Бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Білім мен ғылымда, мәдениет пен спортта топ жарып жүрміз. Жастарымыз жарыстардан жүлдесіз қайтпады.

Әлем сахналарында Әнұранымыз шырқалды. Осыдан асқан бақыт барма? 

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында көптеген ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы болудан асқан бақыт жоқ.

Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты өскелең ұрпақ бой түзеп келе жатыр.

Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін ақылды жастарымыз көк байрақты төмен түсірмесі анық. 

Тәңірден келген Тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау өз қолымызда. Алла Тағала бізді осы бақытымыздан айырмасын.

Ендеше, көк байрағымызды ашық аспанымызда желбіретейік, келер ұрпақ!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Тамалова Ясмина , Байзақ ауданы Сарыкемер Ғани Мұратбаев гимназиясы 8 д сынып оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.