«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

231

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және Жергілікті полиция қызметкерлері, мектеп психологтарының қатысуымен жалпы 13 іс-шара өткізіліп 250- ден астам жастар қамтылды.

Атап айтсақ: ағымдағы жылдың наурыз айының 26 жұлдызында «Жемқорлық ұлтымызға жат қасиет» тақырыбында № 9 Меркі колледжінің білімгерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Жастар ресурстық орталығының» инспектор-заңгері Канаева Раушан Алмазқызы аталған тақырып бойынша жастарға сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлықтың түрлері туралы айтып, сауалнама алды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы және де Қазақстан Республикасының «Адалдық алаңы» жобасы туралы толық ақпарат берді.

Жаңатоған, Сарымолдаев, Ақермен, Жамбыл, Ақтоған, Ойтал ауылдық округтерінде «Жемқорлықсыз қоғамға қадам», «Жасөспірімдер ересектермен бірдей жауапқа тартылуы керек пе?», «Құқықтық тәрбие негізгі—отбасынан басталады» «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында жастармен кездесулер өткізілді.

Бұл іс-шаралардың мақсаты: жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Осы сынды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатндағы шаралар өз жалғасын таба бермек. Жалпы аудан және қалаларда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты аясында барлығы 4964 адамды қамтылды. 177 іс-шара өткізілді. Жуалы (28 іс-шара, 595 адам), Шу (24 іс-шара, 1394 адам), Талас (24 іс-шара, 418 адам), Мойынқұм (21 іс-шара, 556 адам), Байзақ (14 іс-шара, 237 адам), Қордай (13 іс-шара, 766 адам), Тараз қаласы (13 іс-шара, 314 адам), Т.Рысқұлов (12 іс-шара, 275 адам), Сарысу (10 іс-шара, 167 адам) Меркі (13 іс-шара, 179 адам) және Жамбыл (5 іс-шара, 63 адам) аудандары өткізілді.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.