Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды

284

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі пәтерлердің бірінен үш адамның өлі денесі табылды, — деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Құтқарушыларға Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көппәтерлі үйге шақырту кеше сағат 17:36-да түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағаның қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашқан. Пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылы туған үш адамның өлі денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша олар улы газдан уланып қалған.

«Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиға орнына 8 қызметкер мен 2 техника жіберілді», — дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.