Ұшақ жолаушылары қоятын ең күлкілі сұрақтар рейтингі жасалды

148

Кейде лоукостерлердің бортсерігін тек әзіл құтқарады. Жолаушылардан естіген ең күлкілі сұрақтардың рейтингін әйгілі еуропалық лоукостер Ryanair-дің екі бортсерігі TikТok желісінде жариялады, — деп хабарлайды Tourprom сайты.

Видео 280 мың қаралым жинады. Ал басқа жолсеріктер жұмыста сұраған ең күлілі сұрақтарды пікір ретінде қалдырды.

Рейтингке не кірді?

Арзан лоукостердің ең күлкілі сұрағы: «Кешіріңіз, бірақ борттағы ойын-сауық қайда?» болды.

Ryanair — артық шығынсыз бюджеттік әуекомпания. Тек жақын магистральдық рейстерді орындайды, сондықтан бортта ойын-сауық қарастырылмаған. Сонымен қатар, әуетасымалдаушы туристерге «әр қадам» үшін қосымша ақы төлеу және ұшақта тұрып ұшуды ұсынған жанжалды бастамаларымен танымал болды.

Рейтингке қоса бортсеріктер мынадай сұрақтарды қалдырды:

«Мен қаптамаға оралған түскі асымды тоңазытқышқа сала аламын ба?»

«Сіз менің телефонымды зарядтай аласыз ба?»

«Менде бір жас жігіт болды. Ол менен бірден: «Wi-Fi бар ма және орындықты қалай шалқайтуға болады?» деп сұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.