ШУ АРУЫ АНЫҚТАЛДЫ

94

Бүгін Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Шу аруы-2023» аудандық арулар байқауы өтті. Байқаудың шымылдығын ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы ашып, аруларға сәттілік тіледі. Аталған байқауда 8 аруымыз өзара бақ сынады. Бағы мен бабы, білімі мен бойындағы өнері келіскен аруларымыз сахна төрінде 3 кезең бойынша бар өнерлерін көрсетті.
Байқау қорытындысын әділқазы алқасы өзара анықтап, әділ бағасын бере отырып аруларымыздың өнеріне оң бағасын берді. Қорытындылай келе байқаудың 3 орынын Шоқпар ауылының сұлу аруы Серік Қорлан иеленсе, 2 орынды Төле билік Мырзақұл Гаухар, 1 орынды Бірлік ауылының аруы Оха Дильназ иеленсе, байқаудың бас жүлдесін және «Шу аруы – 2023» атағын Төле би ауылының сұлуы Бодаубек Назеркеге бұйырды.
Жеңімпаздарға ұйымдастушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.