ШАЙҚОРЫҚ АУЫЛЫНДА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

46
Республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауданында «Жасыл аймақ» апталығы өтуде. Апталық аясында бүгін Шайқорық ауылында тұрғындардың атсалысуымен 50 түп қара ағаш отырғызылды.
Көшет егу, талдарды бұтау, ағаштарды әктеп, түптерін қопсыту жұмыстарына тұрғындар барынша белсенділік танытты. Дәл осындай шаралар ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде жалғасын тапты.
«Жасыл белдеу» Өңірлік жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 17 гектар жер учаскесіне 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Оның ішінде 14100 түп қарағаш, 4700 түп терек, 500 түп ясень (ерен) талы, 200 түп туя көшеті егілмек. Бұдан бөлек, Аса ауылындағы орталық алаң аумағында және ауданға қарасты 42 елді мекенде 14444 түп бір жылдық шырайгүл (петуня) гүл көшеттерін отырғызу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігері анықталып, сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.