Шавкат Рахмоновтың UFC-ден кетуі мүмкін бе?

339

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (15-0) алғаш рет промоушендегі гонорар көлемі мен келісімшарт туралы сөз қозғады. Бұл әңгіме журналист Игорь Лазорнимен сұхбат барысында болды.

— Келісімшарт бойынша соңғы айқасың ба еді?

— Тағы біреу бар болу керек.

— UFC әдетте болашағы зор файтерлерге келісімшарт ұсынушы еді, ал сенің болашағың бары анық…

— Иә, жақсы өнер көрсете аламын. Егер жақсы келісімшарт ұсынса, жалғастырамын. Бұл біздің еңбек, адам табыс табу керек. Егер лайықты төлесе, жалғастыруға дайынмын. Олай болмаса, басқа жол таңдаймын.

— Енді осынша мерзімінен бұрын жеңіс, сен жақсы гонорарға лайықсың деп ойлаймын…

— Әрине. Мен бұдан жақсыға лайықпын, бірақ, мұның бәрі уақытпен келеді. Маған бірден төлей алмайды — алдымен өзімді көрсетуім керек. Мүмкін хайп жасамаймын, бірақ, өз деңгейімді көрсетіп келемін.

Айта кетейік, UFC басшылығы бірнеше жылдан бері төмен гонорар төлейтінін үшін сынға қалып келеді, олардың ішінде промоушен чемпиондары да наразылығын білдіруде. Ең айтулы оқиға ұйым чемпионы Фрэнсис Нганнудың (17-3) лигамен келісімшартты ұазртудан бас тартуы болды.

vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.