Көршісінің бір қора қойын ұрлап, сатып жіберген

237

Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғыны көршісінің 16 бас қойын ұрлап, базарда сатып жіберген. Полиция қызметкерлері күдіктіні тәулікке жеткізбей ұстады.

Жергілікті полиция бөліміне арызданған жәбірленушінің айтуынша,  белгісіз біреу қорасындағы қойларын ұрлап әкеткен. Келтірілген шығын – 1 млн. теңге.

Хабар түсісімен полицейлер мал ұрлығын жасаған күдіктіні анықтау мақсатында оқиға орнын, үй жануарларын тасымалдайтын көліктерді және жақын маңдағы мал базарларды да түгел тексеріп шықты. Нәтижесінде қойларды сатып алған азаматты анықтап, істің ақ-қарасын ажырату мақсатында одан жауап алды.

Күдікті ер адам жәбірленушінің көршісі болып шықты. Ол түнгі уақытта көрші үйдің қалың ұйқыға кеткенін бақылап, 16 бас қойды жасырын түрде сыртқа алып шыққан. Содан соң таң атысымен мал базарына апарған. Ал үй жануарларын тасымалдайтын автокөлік жүргізушісіне өзінің қойлары екенін айтып сендірген. Кейін оларды мал базарында сатып жіберген.

Қазір аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы («Мал ұрлығы») бойынша тіркеді.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.