БАСТЫ МІНДЕТ-АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫН АРТТЫРУ

164
2023 жылы 2733 мәдени іс-шаралар өткізіліп, 104 мыңнан астам адам қамтылды.
Өткен жылы Сарысу ауданының 95 жылдығы, ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы, журналист, өлкетанушы Төкен Мақашевтың 100 жылдығы, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасы, сазгер Төлеу Үшқоңыровтың 85 жасы, журналист Бергентай Нұрмаханұлының 75 жасы сияқты атаулы күндер кең көлемде аталып өтті.
2023 жылы 5 елді мекеннің ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарына 1,7 млрд. теңге бөлінді.
Одан бөлек, аудандық бюджет есебінен 52 млн.теңгеге Майлыкөл мен Ақтам ауылдарына кешенді модульді блогтар (КБМ) орнатылды.
————————————————————————
2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» жобасымен 194 млн.теңгеге Жаңаталап орта мектебінің спорт зал мен жапсарлас асхана және мәжіліс залының құрылыс жұмыстары жүргізілді.
————————————————————————
2023 жылы ауданның спорт саласында айтулы көрсеткіштерге қол жеткіздік.
Аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда барлығы 755 медальға (180 алтын, 190 күміс, 385 қола) ие болды.
Ауданда 257 спорт нысаны тұрғындар үшін қолжетімді. Қосымша қала және ауылдық елді мекендерде 64 балалар ойын алаңшалары бар.
————————————————————————
2023 жылы 93 млн.тенгеге Шағалалы ауылын газбен жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталып, елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда аудандағы 25 елді мекеннің 5-і немесе 20 пайызы табиғи газбен қамтылған. (Шағалалы, Досбол, Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда елді мекендері)
Бұдан бөлек, Сарысу ауданының 14 елді мекенін және Жаңатас қаласын табиғи газбен қамту мақсатында 2 ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Сарысу ауданы әкімдігі парақшасынан алынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.