САРЫСУ АСПАНЫ ӘНГЕ БӨЛЕНДІ

60
Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойы Жаңатас қаласының орталық алаңында өткен гала — концерттік бағдарламамен тәмамдалды.
Мерейтойда салтанатты жағдайда лентасы қиылған, сәні мен салтанаты жарасқан заманауи сахнада өткен концерттік бағдарламада жерлестеріміз, эстрада жұлдыздары ән шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.
Сарысу аспаны әнге бөленді.
Туған жерде өнер көрсеткен Гауһар Қаспақова, Айгүл Мақашева, Ардақ Исатаева, Салтанат Бегулина, Ерлан Ибаділдаев, Римма Әлібекова сынды әншілер мен Тараз төрінен келген Қайсар Көкішев, «Астана» әншілер тобы репертуарларындағы әндерді шырқап, шараның көркін қыздырды.
Гала-концерттің соңы мерейлі мерейтойдың көрінісін айшықтаған от шашуға ұласты.
Елге керемет көңіл күй сыйлаған, шығармашылық шабыт ашылған, туған жерге, өскен елге деген шынайы сезім ағылған бұл кешті, мерейлі мерейтойды сарысулықтар мен аудан қонақтары көпке дейін ұмытпай айтып, мақтанып жүретіні анық.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.