КӨКТӨБЕДЕ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

67
Жаңақоғам ауылдық округіне қарасты Көктөбе ауылындағы кездесуде де бірқатар мәселелер көтерілді. Дәлірек айтқанда, тұрғындар ауылға жүргізіліп жатқан ауыз су жүйесінің құрылысына қатысты бірқатар түйткілдерді жеткізді. Бұған дейін құрылыс жұмыстары барысында орын алған кемшіліктер әлі де қалыпқа келмеген. Осыған байланысты, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма жүктелді.
Сонымен бірге, кездесуде тұрғындар ауылдағы білім ошағының қазандығына қатысты мәселені назарға ұсынды. Жоғарыда көтерілген сауалдардың барлығы назарға алынды, келесі кезекте тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

 

Бақытжан Жәнібеков 

Leave A Reply

Your email address will not be published.