Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалды

52

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «Қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Бас прокуратура.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейін басқа деректер жария етілмейді.

Сонымен қатар, прокуратура Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

 

https://turkystan.kz/article/233696-samat-bishke-atysty-ylmysty-is-oz-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.