«Салауат салты»

109

Тараз қаласы аумағында орналасқан «Тараз-Арена» спорт кешенінің жүзу залында «Салауат салты» атты жастар арасында жүзуден жарыс өткізілді. Жүзуге қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар қатыстырылды. Сонымен қатар турнирге қала жастарынан құралған «Темірқазық» еріктілер ұйымының еріктілері атсалысты. Жүзуден жарыста қатысушылар 50 метрлік қашықтықта бақталасты. Жүзуден өткен жарыс нәтижесінде Әділхан Еларыс бірінші орын иеленді. Жүзуден жарыс «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткізіліп, жарыстың марапаттау салтанаты Тараз қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Coworking» залында ұйымдастырылып жеңіске жеткен жастар ұйымдастырушы топ өкілдерімен жүздесіп жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.