«Ойшылдар ойыны» атты тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізілді

97

Салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ойшылдар ойыны» атты жастар арасында тоғызқұмалақ ойындарынан турнир өткізілді. Турнирге қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар қатыстырылды. Сонымен қатар турнирге қала жастарынан құралған «Темірқазық» еріктілер ұйымының еріктілері атсалысты. Аталған тоғызқұмалақ турнирінде Мадиева Анеля жеңіске жетті. Турнирдің жүлделі екінші орынын Оңғар Нұршат жеңіп алса, үшінші орынды Өтеш Айнұр қанағат тұтты. Тоғызқұмалақ ойындары Қ.Рысқұлбеков атындағы «Желтоқсан» саябағының тоғызқұмалақ алаңшасында өткізіліп, турнирдің марапаттау салтанаты Тараз қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Coworking» залында ұйымдастырылып жеңіске жеткен жастар ұйымдастырушы топ өкілдерімен жүздесіп бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.