Сақтансаң, сақтайды!

337

Жамбыл облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/1 мекемесінде короновирус COVID-19 инфекциясының алдын алу, жұқтыру жағдайын және таралуын болдырмау мақсатында профилактикалық іс – шаралар жүргізілуде.

Мекеме бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаевтың, мекеме бастығының орынбасары әділет аға лейтенанты Бекен Калимбетовтың жетекшілігімен мекеме қызметкерлері бір рет және көп рет қолданылатын індетке қарсы костюмдермен, жеке қорғаныс құралдарымен және антисептиктерімен толықтай қамтамасыз етілді.

Күн сайын медициналық және жеке құрам қызметкерлерінің, мекемеге келетін өзгеде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасында дене қызуын өлшеу, бетперде режимі, жеке гигиена ережелері қатаң сақтау мекеме бастығының орынбасарлары әділет капитаны Нұржан Куттымбетов және әділет майоры Тимур Сандыбаевтың ерекше назарында.

Айта кетейік, ЖД-158/1 мекемесінің медицина қызметкерлері ерекше режимде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарып жүр.

Айжан Есалиева
ЖД-158/1 мекемесінің медицина бөлімінің бастығы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.