Сүйелді қалай кетіруге болады?

9 530

Сүйел денсаулыққа қауіп төндірмегенімен, адамның сыртқы көрінісін бұзады әрі кең тараған косметикалық кемшілік саналады. Ол көбіне саусаққа, қолға шыққыш келеді. Сүйел қалай пайда болады, оны кетіру жолдары қандай? Turkystan.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Сүйел неден пайда болады?

Сүйел папиллома вирусын жұқтырған жағдайда шығады. Ресми мәліметтер бойынша, ол вирус 50% адамның ағзасында кездеседі. Оны ұсақ микробтар тудырады. Бірақ олардың өсіп жетілуіне жүйке жүйесінің әсері де бар. Сүйел жұқпалы. Олардың тез тарауына жарақаттар да ықпал етеді. Ал оған қарсы дәріні әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Ақауды жөндегенмен, вирус адамның ағзасында қалып қояды. Сондықтан сүйел кез келген уақытта қайта шығуы мүмкін.

Сүйелді қалай кетіреді?

Оны кетірудің жолдары көп. Кез келген емді үздіксіз жасап отырсаңыз, сүйелді бірте-бірте жоюға болады. Сарымсақты ұсақтап турап, 24 сағат сүйелге басып қою қажет. Кейін бір матамен таңып қойғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ шикі картоп пен алманы басқан да сүйелді кетіруге көмектеседі. Нәтижесінде сүйел бірте-бірте кішірейіп, қараяды да, түсіп қалады.

Сондай-ақ:

  • Сүйелге жаңа піскен қышқыл алманың шырынын жағуға болады, олар 10 күннен кейін кетіп қалады;
  • Сүйелге күніне 2-3 рет пияздың шырынын жағуға болады;
  • Сірке суда пиязды қабығымен қайнатып, алынған тұнбаны сүйелге жағып жүру қажет;
  • Сүйелді айға көрсету, «қызғандыру». Сүйелдеріңізді картоп крахмалымен үйкелеп, ай жаңадан туған кезде оған көрсетіп, «менде сүйел бар, сенде жоқ» деңіз. Артынша әлгі картопты жерге көміп тастаңыз;
  • Түрлі-түсті жіптерді денеде қанша сүйел болса, сонша рет түйіндеп, адам аяғы баспайтын жерге тастау;
  • Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. 1 айдан кейін денеңіздегі сүйелдер кетеді.

Сүйелдің алдын алу жолдары

Гигиена ережелерін сақтаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз. Ыстық күндері, бактериялар белсенді таралады. Сондықтан күнделікті шомылып отырған дұрыс.

Дененізде жара пайда болса, антисептикпен емдеп, үстіне пластырь жабыстырыңыз.

Бассейн, душ, жаттығу залы және саунаға барған кезде, аяқ киіміңізді шешпеңіз. Сүлгі және жеке гигиена заттарын өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.