Мәжіліс төрағасы ІІІ Чарльздің таққа отыру рәсіміне қатысты

117

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльз бен Королеваконсорт Камилланың таққа отыру рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шара Лондондағы Вестминстер аббаттығында өтті.

Ерлан Қошанов британ монархына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Мәжіліс төрағасы ІІІ Чарльздің таққа отыру рәсіміне қатысты

5 мамырда Мәжіліс спикері Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлимен және Мемлекеттік инвестициялар министрі лорд Доминик Джонсонмен кездесті. Айта кету керек,                  Д. Джонсон екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болды.

Сапар барысында екіжақты қарымқатынастар, сондай-ақ халықаралық және өңірлік саясат мәселелері талқыланды.

Мәжіліс төрағасы ІІІ Чарльздің таққа отыру рәсіміне қатысты

Сондай-ақ, Лондонда БританҚазақ қоғамының төрағасы лауазымында елдеріміз арасындағы достық байланыстарды он жылдан астам белсенді дамытып келе жатқан Руперт Гудман мырзамен кездесу өтті.

https://turkystan.kz/article/222211-mezhilis-toragasy-iii-charlzdin-takka-otyru-resimine-katysty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.